1990 жылы 1 қыркүйекте қаланың шет аймағынан жаңадан қоныс аударған тұрғындар үшін негізгі мектеп болып пайдалануға берілді.

1991-1992 оқу жылында орта мектеп болып қайта бекіп, қоғам қайраткері

Т. Рысқұловтың есімімен аталды. Мектеп өз жұмысын 500-ге жуық оқушымен, 22 мұғаліммен бастады.

Мектептің алғашқы директоры қызметін білім саласының үздігі білікті директор Айғани Жалиев атқарды. Алғашқы директордың орынбасарлары – Дариха Алдабергенова, Сатаев Ишанбек, Длекешова Гүлнар, Қалиева Күлайша апайлар мектеп ұжымындағы жұмыстың қалыпқа түсуі үшін жұмыс жасады. Сол жылдары мектеп жанындағы жылыжай, химия, биология пәндерінің шынайы лабораториясына айналды. Жылыжайдағы жұмысты жолға қойған биология пәнінің мұғалімі Нұрпейісова Жанбибі, Сәрсенбаева Райкүл апайлар болды. Алғашқы жылдардан бері білім ордасы мыңдаған шәкірттерді қабылдап, терең біліммен сусындатып отырған қаламыздағы іргелі оқу орындарының біріне айналды. Мектепті бітірген шәкірттер сапалы білім алып, еліміздегі іргелі оқу орындарын тәмамдап, Қазақстанның түкпір –түкпірінде еңбек етуде.

Мектеп өміріндегі елеулі оқиғалар:

-1994 жылы 24 желтоқсанда қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың 100 жылдық мерейтойы республика көлемінде тойланып, мектепте қайраткерге арналған мұражай ашылды.

-1997 жылы Тұрартанушы, қазақ әдебиетінің саңлағы, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза мен белгілі драматург-жазушы, жазушылар одағының мүшесі Қалтай Мұхамеджанов, белгілі әдебиет сыншысы Темірхан Тебегенов мектеп ұжымымен және оқушыларымен кездесті.

-1998 жылы бүкілодақтық экологиялық «ГЛОБ» бағдарламасына қатысқан мектеп ұжымының жұмысын бағалау үшін Қазақстан Республикасының алғашқы министрі Нұрлан Балғынбаев пен Бүкілодақтық банк өкілі Ф.Пирс мектепте кездесуде болды.

-2005 жылы алғашқы компютерлену кезеңінде Корей елінен келген делегация мектепте болып, оқу процесіне пайдалану үшін 14 компьютер сыйға тартты.

-2006 жылы мектептің информатика пәнінің мұғалімі Бейімбетов Қалман мектеп ұжымынан алғашқылардың бірі болып, Корей елінен іс-тәжірибе жинақтап қайтты.

-2008 жылы мектеп ұжымы қала әкімінің «Әлеуметтік-мәдени орталық мектебі» номинациясымен марапатталды.

-2012 жылы математика пәнінің мұғалімі Серікбаева Зейнекүл Төребекқызы қала әкімінің «Үздік мұғалім-2012» номинациясын жеңіп алды.

-2012 жылы мектеп ұжымы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғары көрсеткіштері үшін облыс әкімінің 50000 теңге грантын ұтып алды.

-2014 жылы математика пәнінің мұғалімі Серікбаева Зейнекүл Төребекқызы «2014 жылдың үздік педагогі»  атағын иеленді.

-2015 жылы бастауыш сынып мұғалімі Шалғынбаева Руза қала әкімінің «Үздік мұғалім-2015» номинациясына ие болды.

-2020 жылы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Тышқанбаев   Жалғасбай Сағынтайұлы жыл қорытындысы бойынша қала әкімінің «Үздік мұғалімі-2020» номинациясына ие болды.

-2020 жылы биология пәнінің мұғалімі Масенова Күміс Меңдіқұлқызы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Мектепті әр жылдарда басқарған мектеп басшылары:

1990-1994 жж.                  Айғани Жәлиев Жәлиұлы

1994-1996 жж.                 Өтемұратова Бәсира Қазбекқызы

1996-2003 жж.                 Шүренов Алтынсары Әлекеұлы

2003-2008 жж.                Түстікбаева Күләш Түстікбайқызы

2008-2014 жж.                Садықов Асқар Әнуарұлы

2014-2019 жж.                Ахметов Съезбек Тажібайұлы

2019 жылдан бастап   өзіміздің мектебіміздің түлегі   Мукеев Мақсұт Ахметұлы мектеп директоры болып тағайындалды.