АСХАНА ЖҰМЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мектеп асханасының жұмысын және оқушылардың тамақтануын дұрыс ұйымдастыруды бақылау мақсатында мониторинг комиссия мүшелері бірлесіп тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша
Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық–түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер, азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде.
Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.

Тексеріс нәтижесінде асхана жұмыстары барлық талаптарға сәйкес екендігі анықталды.

Күнделікті таңертең мектеп аяжаны мен әлеуметтік педагог асхананы тексеріп асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайлары үнемі қатаң қадағалауда.

Асханаға келген тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын, дайындау технологиясына, ас блогының санитариялық жағдайына бақылау жүргізілді. Ас мәзірі бойынша барлық тағамдар қамтылған. Бақылау асы қақпағы бар арнайы ыдыста тоңазытқышта сақталған.Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай. Балаларға берілетін тағам ас мәзіріне сәйкес талапқа сай өлшеніп берілген. Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған. Азық түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі, бекітілген ас мәзір бойынша дайын ас нормасы талапқа сай екендігі анықталды.

Асханада «Е - ashana» жүйесі арқылы әр оқушы жеке электронды карта арқылы ваучер тағайындалған білім алушылар тегін тамақтанады.