БІР КІТАП-МЫҢ ИДЕЯ
Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде «Бір кітап-мың идея» тақырыбында жаңа кітаптарға таныстырылым өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту және оқылған шығарма арқылы жаңа идеялар мен шығармашылық ойлауды дамыту.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ниязбаева Гаухар Кенжебекқызының 9 сынып оқушыларымен Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романын талдау арқылы қазақ қыздарының даналығы, адамгершілік қасиеттері атап өтілді. Сонымен қатар тарихи тұлғалар Кеңесары және қазақ еліндегі саяси ахуалды жақсы жеткізгендігі айтылды. Сол арқылы ақынның жан-дүниесін жан-жақты түсінгендігі және қазақтың рухани байлықтарын ұғынуға ой салды.
Орыс жазушысы, ағартушысы, публицисті және ойшылы Лев Николоевич Толстойдың «Война мир» роман-эпопеясын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Прмаханова Гүлсара
Шәмшіқызы таныстырылым жасап өнермен, тарихпен, географиямен ұштастырып, пәнаралық байланысты дамыта отырып, қатысушы оқушыларды креативті сыни ойлауға, бір
шығармадан мың идея айта отырып,өткен тарихымызды, еліміз бен жерімізді және ұлттық құндылықтарымызды білді. Бұл шығарма шығармашыл адамға шабыт беретіндігін атап өтті.









