МЕКТЕПІШІЛІК ОҚУШЫЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде мектепішілік оқушылар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Бағдат Қонысбайұлы білім алушыларға қазіргі қоғамға білімді, жауапкершілігі жоғары, тәртіпті жастарды талап ететінін атап, өздерін жан-жақты дамытуға, уақытты тиімді пайдалануға шақырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының "Ақсай" полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімше бастығы, полиция капитаны Сейіл Мереке Есентайұлы, ҚПБ ҚҚб ОТЗЗҚКб инспекторы, Полиция лейтенанты

Серікқызы Арайлым, ҚПБ ҚҚб ЮПБ аға УПИ полиция майоры Саменова Маншук Жаксылыковна қатысып, оқушыларға жасөспірімдер арасындағы ұрлық, топтық төбелес, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, буллинг, лудомания, кибербуллинг, есірткі, әлеуметтік желі зияндылығының алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442, 127, 132, 200, 434, 435, 437 баптарын толықтай атап өтті. ҚР Қылмыстық кодексінің 99, 106, 190, 191, 194, 188, 187, 293, 124 баптары бойынша кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу жұмыстарына тоқталып, баланың заңды өкілі ата-ана болғандықтан, оның әрбір заңға қайшы әрекетіне ата-ана жауапты екендігін ескертті.

Оқушыларға буллинг, лудомания, есірткі, кибербуллинг, әлеуметтік желі зияндылығы туралы бейнероликтер арқылы түсіндіріліп, жаднамалар таратылды.

Жастар денсаулық орталығының гинеколог маманы Ибраева Гүлжан Жолакаевна сөз алып, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында кеңестер берді. Мектепте болсын, мектептен тыс уақытта болсын оқушылар арасында физикалық және психикалық тұрғыдан қысым көрсетуге жол берілмейтінін атап өтіп, әрбір заңға қайшы әрекет үшін жауапкершілік бар екендігін еске салды.

Облыстық жастар денсаулық орталығының психолог мамандары Мұхамеджан Роза мен Бақытқызы Гүлсана оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттыруға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, адамның кей кездерде стресске қарсыласа алмауы, дұрыс шешім қабылдауда қиналуы, мәселені шеше білудегі қабілетсіздіктеріне байланысты кеңестер берді. Өмірді жағымды қабылдай білуге байланысты оқушылар арасында тренингтер жүргізді.

Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары Жұмахметов Едіге оқушыларға діни экстремизмнің зияндылығын түсіндіру мақсатында қазіргі таңдағы теріс ағымдар мен діни-экстремизм, терроризмнің алдын алу мақсатында түрлі әлеуметтік желілердегі, сайттар мен ғаламтордың зияндылығын түсіндіріп, интернет сайттарын қауіпсіз пайдалану қажеттігін ұғындырды.

Жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Алдабергенова Айзат оқушыларды салауатты өмір салтының дағдыларына баулып, ағзаға кері әсерін тигізетін зиянды заттарды қолданудың алдын алу оның ішінде уытқұмарлықтың, есірткінің зияндылығын ұғындырып, арнайы бейнероликтер арқылы талдап, оқушылардың пікірі тыңдалды.

Жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу бойынша жеке кеңістікті құрметтеу, жеке заттар мен киімге қатысты шекараларды сақтау, белгісіз адамдардан немесе таныс адамдардан келетін жағымсыз қимылдар мен ұсыныстар, интернеттегі қауіптілік: чаттар, әлеуметтік желідегі қорқыныш немесе қудалауды болдырмауға қатысты кеңестер беріліп, алдын алу шаралары талқыланды.

Дұрыс тамақтанудың ережелеріне байланысты мектеп аяжаны Сарбаева Айнұр Мұратбекқызы сөз алып, тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсы тұруға өз ықпалын тигізетіндігін ұғындырды.

Оқушылардың тәртібі мен жеке бас тазалағы, оқушы формасына қатысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Сүлейменова мен Б.Бектемір қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалардан мысал келтіре отырып, оқушыларды тәртіпті болуға шақырды. Әрбір оқушы өз әрекетінің салдары үшін жауапты екенін, заң талаптарын сақтау - міндет екені терең түсіндіріліп, әрбір оқушының өмірлік дағдыларын қалыптастыруына, дұрыс таңдау жасауына, болашақта саналы да жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал ететіндігіне сенім білдіре отырып жиналыс қорытындыланды.