Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде 9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен “Мамандық таңдаудың маңыздылығы” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты оқушылардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастырып, өз қабілеті мен қызығушылығына сай дұрыс мамандық таңдау қажеттігін түсіндіруге арналды.
Шара барысында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен арнайы мамандар келіп, кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Олар колледждің оқу мүмкіндіктері, мамандық түрлері және қазіргі еңбек нарығындағы сұраныс туралы жан-жақты ақпарат беріп, оқушылардың қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді. Оқушылар түрлі мамандықтардың қоғамдағы рөлін талқылап, өз болашағына дұрыс бағыт таңдаудың маңызын тереңірек түсінді. Бұл тәрбие сағаты оқушылардың мақсат қою, өзін-өзі тану және саналы шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға зор ықпал етті.
https://222mektep.testim.kz/kz/zhanaly-tar/98-mamandy-ta-daudy-ma-yzdyly-y.html#sigFreeIdba36e17997








