МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде 2025-2026 оқу жылының бірінші жарты жылдығын қорытындылау мақсатында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, балалардың өмірге деген қызығушылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының орындалу барысы, діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу, ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктеріне қатысты мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мектеп директоры Бағдат Қонысбайұлы сөз алып, әрбір жасөспірімнің өз болашағына саналы түрде қарап, жан-жақты дамуға ұмтылып, білімін үздіксіз жетілдіріп, жаңа дағдыларды меңгеріп, рухани және мәдени құндылықтарды бойына сіңіру арқылы тұлға болып қалыптасатындығы мектеп пен ата-ана ынтымақтастығының негізінде дамитынын жеткізді. Бағдат Қонысбайұлы 2025-2026 оқу жылының І жарты жылдығын қорытындылап, мектеп оқушыларының жетістіктеріне тоқталды. ІІ жарты жылдықтың міндеттерін айта келіп, оқу процесінің ұйымдастырылуы жөнінде жан-жақты түсініктеме жүргізді. Мектебімізде оқушылардың бойында белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту мақсатында қарқынды атқарылып жатқан "Тұрар" дебат клубы, "Оқуға құштар мектеп" жобасы, Мектеп Парламенті мен Мектеп театры, "Smart bala", "Қамқор", "Еңбегі адал жас өрен" жобаларының жұмысының жандануына тоқталып, оқушылардың жетістіктерімен бөлісті.

Жиналыс барысында мектеп директоры Утегенов Бағдат Қонысбайұлы ата-аналарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызын түсіндірді.

ҚПБ Ққб ОТЗЗҚқб инспекторы, полиция лейтенанты Серікқызы Арайлым ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы топтық төбелес, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, зорлық-зомбылықты болдырмау, буллинг, лудомания, кибербуллинг, есірткі, әлеуметтік желі зияндылығының алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442, 127, 132, 200, 434, 435, 437 баптарын толықтай түсіндіріп өтті. ҚР Қылмыстық кодексінің 99, 106, 190, 191, 194, 188, 187, 293, 124 баптары бойынша кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу жұмыстарына тоқталып, баланың заңды өкілі ата-ана болғандықтан, оның әрбір заңға қайшы әрекетіне ата-ана жауапты екендігін ескертті.

Ата-аналарға буллинг, лудомания, есірткі, кибербуллинг, әлеуметтік желі зияндылығы туралы бейнероликтер арқылы түсіндіріліп, жаднамалар таратылды.

Облыстық жастар денсаулық орталығының психолог маманы Джумаділдаева Раушан Өмірәліқызы ата-аналар жиналысына қатысып, оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту және өмірге деген қызығушылығын арттыру бағытында жүргізілген жұмыстар туралы түсіндірме жасады. Жиналыс барысында ол оқушылардың кей кездерде стресске қарсы тұра алмауы, дұрыс шешім қабылдауда қиналуы, туындаған мәселелерді шешу дағдыларының жеткіліксіздігі туралы айтып, ата-аналарға пайдалы кеңестер берді.

Жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Алтаева Арай Ғалымжанқызы жасөспірімдерді салауатты өмір салтының дағдыларына баулып, ерте жүктіліктің алдын алу, ағзаға кері әсерін тигізетін зиянды заттарды қолданудың алдын алу оның ішінде уытқұмарлықтың, есірткінің зияндылығынан сақтау бағытында түсіндірме жұмысын жүргізіп, ата-ана тарапынан қадалау қажеттігінің маңызын ұғындырды.

Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Жұмахметов Едіге ата-аналарға діни экстремизмнің зияндылығын түсіндіру мақсатында қазіргі таңдағы теріс ағымдар мен діни-экстремизм, терроризмнің алдын алу мақсатында түрлі әлеуметтік желілердегі, сайттар мен ғаламтордың зияндылығынан қорғау мақсатында баланы қадағалау қажеттігін түсіндірді.

Мектеп психологі Оспанова Динара Жанұзаққызы ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктеріне тоқталды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру барысында олардың денсаулығы мен дене күшін, зерде аясын дамыту арқылы әрбір баланың танымдық ерекшелігін дамытып, қарым-қатынас саласында қолдау арқылы жүзеге асырылатындығын түсіндірді.